Бағдар мен белес айқындалды

Бағдар мен белес айқындалды

Биылғы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын ұлықтау кең көлемде жүзеге асып жатыр. Олай болмасқа негіз де жоқ. Өйткені Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс еді. Ұрпақтың қолы жеткен киелі кезеңді насихаттаған сондай игі шараның бірі аудандық Талғар ауданы Қорғаныс істері бөлімінде өтті.

«Тәуелсіздік – мәңгілік ел тұғыры» тақырыбымен өткен шара екі бөлімнен тұрды. Мемлекеттік Әнұранмен ашылған соң сөз алған бөлім бастығы Айдар Болатұлы 30 жыл бұл болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет екендігін айтып өтті. Бөлім тарапынан атқарылған нәтижелі жұмыстарға тоқталды. Барша қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтап, ақ тілегін жолдады.

Іс-шараның бірінші бөлімінде тәуелсіздік жетістіктері туралы бейнеүзік көрсетіліп, осы жылдарда ел ішінде атқарылған іргелі жұмыстар айтылды. Екінші бөлімінде үш топқа бөлінген жеке құрам арасында байқау ұйым­дастырылды. Олар патриоттық жанрда өнерлерін ортаға салып және ұйымдастырушылар ұсынған викториналық сұрақтарға жауап берді. Бөлім бастығы Айдар Болатұлы бастаған қазылар құрамында бөлім бастығының әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі көмекшісі Салтанат Алпысбаева, жасақтау бөлімшесі бастығы майор Мәди Жайлаубекұлы, жұмылдыру бөлім­шесінің бастығы Ермек Сағынбеков болды. Ұйымдаса отырып білім-біліктілігін та­­ныт­қан жұ­мыл­дыру бөлім­шесі бірінші орын­ды жеңіп алды. Жеңім­паз командаларға бөлім атынан «Алғыс хат» пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Меруерт Мәулетқызы,
«Талғар»