Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Елдіктің жеті  тұғыры» атты  қағидаттар  жиынтығы

(Отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасының жас ұрпаққа үндеуі)

Бірінші – Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық.
Екінші – бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры.
Үшінші – жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы.
Төртінші – отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі.
Бесінші – ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі.
Алтыншы – білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті.
Жетінші – прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі.
«Жерден қасиетті ешнәрсе жоқ. Қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым. Тарихымыздағы соғыс атаулының бәрі ел мен жерді қорғау үшін болған. Біз Тәуелсіздікті жариялай салысымен шекарамызды құжат жүзінде бекітіп алуға күш жұмсадық. Адамзат тарихында, тіпті қазіргі кезеңде де даулы территорияның соғысқа, қантөгіске алып келгенін көріп отырмыз», — деген Елбасы өзінің «өскелең ұрпақты осындай қауіптен сақтап қалу үшін барын салғанын» айтады. «Енді ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету – біздің ортақ борышымыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Талғар-ақпарат»