Әсерлі кездесу

Әсерлі  кездесу

Биыл – Тәуелсіздігімізге – 30, Желтоқсан оқиғасына – 35 жыл. Осы орайда, Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Талғар жоғары медициналық колледж студенттері мен ерікті жастар арасында желтоқсан құрбандарының ерлігін студенттерге жеткізу, патриоттық тәрбие беру мақсатында «Тәуелсіздік — тәубе етер жалғыз кием» атты зум платформасы арқылы тікелей эфир өтті. Кездесуді орталық жетекшісі Қалымбетова Замира Нұрланқызы жүргізді. Эфир қонағы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Ауелова Баян Қалнұрқызы болды. Желтоқсаншы ызғарлы желтоқсанда өз өміріндегі бастан өткен оқиғаларын жастарға баяндап берді. Жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып, кездесуден жақсы әсер алды.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ