Талғар қаласы әкімінің сайлауы

Талғар қаласы әкімінің сайлауы

Бүгін 31 қазан Талғар қаласы әкімінің сайлауы өтуде.

Жалпы Талғар қаласы бойынша 41530 сайлаушы, 24 сайлау учаскесі бар, екеуі жабық сайлау учаскелері.
Оның біріншісі орталық аудандық аурухана ғимаратында болса,
екіншісі облыстық туберкулез диспансерінде жұмыс жасауда.

Еске салар болсақ Талғар қаласы әкімі лауазымына 5 үміткер өз өтінішін берген болатын.
Оның екеуі әртүрлі себептерге байланысты сайлауға қатыспайтын болды.

Қазіргі таңда сайлауға түсіп жатқан 3 үміткер:
1. Абзалбек Сағымбекұлы
2. Исабаев Қайрат Кәрімұлы
3. Қызайбек Ұлан Еркінбекұлы