Білім мен білікті шыңдау

Білім мен білікті шыңдау

«Талап» холдингі КЕАҚ-ң ұйымдастырылуымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» тақырыбында өтіп жатқан курста Талғар политехникалық колледжінің «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері: Білдебаев Талғат, Айтбаев Жандос, Тастан Мейірман біліктілікті арттыру курстары шеңберінде 18-22 қазан аралығында практикадан өтіп жатыр.

Курстың оқыту мақсаты колледж педагогтердің өндірістен қол үзбей кәсіби дағдыларын жетілдіру және колледж түлегіне жұмыс берушілердің талаптарын анықтау мақсатында Талғар каласында орналасқан ТОО «Ақжол» автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу сервис орталығында практикадан өтуде.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ