Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің «Онлайн жәрмеңкесі»

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің «Онлайн жәрмеңкесі»

Ағымдағы жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен, бір мезгілде облыстың барлық аудан/қалаларында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау, экономика және кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Онлайн жәрмеңкелер» өтті.

Жәрмеңке отырысы Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде онлайн форматта тікелей түсірілімде жүргізілді.

Облыс тұрғындарының жалпы 173 астам қойылған сұрақтарына, сала өкілдерімен толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті