Кемел келешектің кепілі

Кемел келешектің кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылғы Жолдауы барша қазақстандықтар үшін өмірлік маңызы бар құжат болып келеді. Бүгінгі Жолдауы да халықтың үкілеген үмітін ақтап, болашаққа деген сенімін нығайтты. Еліміздің 30 жылдық тарихына көз жүгіртер болсақ, осыдан 30 жыл бұрын өзінің тәуелсіздігін енді жария еткен еліміз үшін дербес әрі қуатты мемлекет құру құрғақ қиял сияқты дүние болып көрінген еді. Десек те, бұл армандар ақиқатқа айналды. Осындай аз ғана мерзім ішінде Қазақстан қанатын кеңге сермеген, әлем мойындаған мемлекетке айналды. Міне, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдаған жаңа Жолдауында сөз басын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен бастады. Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы қарқынды дамуын тілге тиек етіп, дамыған елдермен тереземіздің теңесе бастағанын айтты. Кемел келешекке бастайтын Жолдауда Мемлекет басшысы барлық саланы түгелдей қамтып, болашаққа межеленген жоспарларын ортаға салды. Бәрінен де ауылшаруашылығы саласына қатысты мәселе көтергені құптарлық іс болды. Өзім ауылшаруашылығында еңбек етіп, қазір де шаруа қожалығына иелік етіп отырған жанмын. Өздеріңіз білетіндей биыл көптеген аймақтарда ауа-райының қолайсыздығынан қуаңшылық орын алып, мал қырылған болатын. Жем-шөп мәселесіінің өзектілігі әлі де артып отыр. Сондықтан да Перезидент жеке, қосалқы шаруалардың мал шаруашылығына қолжетімді жағдай жасалу керектігін айтып, бұл ретте Үкіметке жаңа Заң жасақтауды тапсырды. Мал шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу Үкімет пен Бәйтерек холдингіне тапсырылды.

«Ветеринария жүйесін реформалау бойынша шаралар қабылдануы керек. Мал басының амандығы тиімді жұмысқа байланысты. Сондықтан, қажетті мамандарды дайындау ветеринария қызметі сапасын арттырып, жүйелі жұмыстардың орындалуына серпін болмақ», — деген Президент ветеренария саласын реформалау керектігін алға тартты. Осы саладағы мамандардың жалақысын көтеру мәселесі туындап отырғанын да тілге тиек ете келе, бұл саланы субсидиялауға 2 триллион қаржы бөлінгенін жеткізді. Субсидияның шағын және орта кәсіпкерлерге қолжетімді болу керектігін де қадағалауды тапсырды.

Әрине, іс тетігін білікті маман шешеді. Сондықтан да мал шаруашылығын дамытып, шаруалардың ісінің алға басуы үшін тек мемлекеттің қолдауы аздық етеді. Мал басының амандығы басты мәселе. Бұл ретте білікті мал дәрігерлеріне артылатын жүк ауыр болмақ. Сондықтан Жолдауды қолдап, ондағы әрбір салаға қатысты тапсырылған міндеттердің орындалатынына сенімдімін.

Қасенхан Әуелбаев,

Жеке кәсіпкер