Электронды үкімет порталы – қызметтерді алудың жеңіл жолы

Электронды үкімет порталы –  қызметтерді алудың жеңіл жолы

«Талғар ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауыл жастарымен бірлесе отырып мемлекеттік қызметтермен мобильді қосымшаларды насихаттау мақсатында «Egov жаршысы» парақшаларын таратып, халыққа округіміздегі «Egov бұрыштары» арқылы көрсетілетін қызметтердің түрлерімен таныстыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Округ бойынша 3 мектеп, 2 аурухана және әкімшілік ғимаратында «Egov бұрыштары» барын, сонымен қоса әр азамат өзінің жеке қалта телефонымен де көптеген қызметтерді мобильді «EGOV» қосымшасы арқылы ала алатындықтарынан хабар етілді.

Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы: ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) ашудан бастап, жұмысқа қажетті, денсаулыққа, әлеуметтік жағдайға, жылжымайтын мүлікке, т.б. салаларға байланысты анықтамаларды алуға сонымен қоса онлайн өтініш қалдыруға құқықтары бары түсіндірілді.

Қазіргі уақытта аса қажет вакцина салдырғандығы туралы төл құжатты мобильді «EGOV» қосымшасынан алу жолдары көрсетілді.

Халыққа қызмет көрсету орталығына алдын ала орын алу (брондау) туралы үйіңізден шықпастан немесе алысқа бармастан жақын тұрған «Egov бұрыштары» арқылы немесе жоғарыда айтылған қосымшамен осы қызметті орындауға болатындығы түсіндіріліп, көрсетілді.

Қазіргі уақытта округ бойынша ЭЦҚ кілт аштыру мен әртүрлі анықтамаларды алу, тіркеуге тұру, тіркеуден шығару, үйдің кезегіне тұру, өмірге жаңа келген сәбилерге тағайындалатын жәрдемақы түрлерін т. б. қызметтермен анықтамалар көптеп шығарылу арқылы халықтың ықыласына бөленуде.

«Талғар ауданы Нұра ауылдық оркугі әкімінің аппараты» ММ