Талғар ауданындағы  бюджеттік мәліметтердің ашықтығын, айқындығы мен есептілігін арттыру

Талғар ауданындағы  бюджеттік мәліметтердің ашықтығын, айқындығы мен есептілігін арттыру

      2021 жылы 18 мамыр күні, «VECTOR» жастар одағы» ЖҚБ-нің  ұйымдастыруымен  «Талғар ауданындағы  бюджеттік мәліметтердің ашықтығын, айқындығы мен есептілігін арттыру» жобасы аясында «EUPHORIA» комплексінде  фокус топ өтті.

Шара мақсаты : Бюджеттік деректердің айқындығы мен ашықтығының халықаралық өлшемдеріне, сондай-ақ бюджеттік бақылау туралы құқықтық ережелерге сәйкес талдау мен бағалау жүргізу үшін жергілікті аудандық бюджеттің мониторингін жүргізу және бюджет қаражатын бөлу мен пайдаланудың тиімділігі, ашықтықты дамыту туралы тұрғындарды хабардар ету әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы жергілікті бюджет қаражатын бөлу және пайдалану.

      Шара барысында «VECTOR» жастар одағы» ЖҚБ-нің  директоры Ж.Кеңесов «Зерттеу нәтижелерінің презентациясы» таныстырды.  Г.Жакупбаев – әдіскер-эксперт қатысушыларды топтарға бөліп, «Зерттеу негізінде Талғар ауданында бюджеттік мәліметтердің ашықтығы мен ашықтығын бақылау» тақырыптарында фокус топ ұйымдастырды. Ал,  әлеуметтік жобаларды мониторингтеу эксперті А.Братенков шараның маңыздылығы мен қойылған мақсаттарды орындалуына бақылау жасады.  Бұл іс-шара Еуразия қорының қолдауымен өтті.

ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ