Қазақстандықтар құны 2 АЕК-ке дейінгі сыйлықты бергені үшін 4,5 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді

Қазақстандықтар құны 2 АЕК-ке дейінгі сыйлықты бергені үшін 4,5 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді

Қазақстандықтар заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жумабаев Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгертулерді баяндау барысында айтты.

     «Сыйақылар, сыйлықтар немесе жеңілдіктер бергені үшін жеке тұлғалар ӘҚБтК–нің 676-бабы бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, бұл шамамен 600 мың теңге», — деді Ж.Жумабаев.

Бұл ретте, егер мұндай сыйақы немесе сыйлық заңды тұлға тарапынан берілетін болса, онда мұндай әрекет ӘҚБтК-нің 678-бабы бойынша сараланады және мұнда айыппұл 700 АЕК-ке дейін өседі, бұл 2 млн.теңгеден астам.

     Мұндай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда заңды тұлға екі есе – 1500 АЕК немесе 4,5 млн.теңге төлейді.

«Қазір заңнамада сыйлықтар беруге және алуға толық тыйым салынғанын тағы бір мәрте еске салғым келеді. Мұндай норма өткен жылдың соңында қолданысқа енгізілді», — деді Ж.Жумабаев.

     Ол сыйлық берушілерге арнаған сөзінде мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірілген тұлғаларға мемлекеттік және басқа да қызметтер көрсеткені үшін материалдық алғыс айту әдетінен бас тартуға шақырды, өйткені мұндай әрекеттер берушілер үшін де, олар берген шенеуніктер үшін де теріс салдарға әкелуі мүмкін.