Күзет бөлімі қан тапсырды

Күзет бөлімі қан тапсырды
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің Күзет бөлімінің қызметкерлері республикалық жіті байқау жасалатын мамандандырылған типтегі психиатриялық аурухананың аумағында республикалық қан тапсыру орталығының қызметкерлерінің қатысуымен «Донор күнін» өткізді. Осымен бірнеше жыл қатарынан Күзет бөлімінің қызметкерлері адам өмірін аман алып қалу үшін өз еріктерімен қан тапсырып, қайырымдылық жасауда. Мекеме қызметкерлері АИТВ-ға, В және С гепатитіне, мерезге анализ тапсыруға, сондай-ақ өз қан тобын, гемоглабин деңгейлерін ақысыз білді. Сонымен қатар қан тапсырудың бір жағынан денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған адамдарға үлкен көмек, ал екінші жағынан оның адамның денсаулығына жақсы әсері бар екендігі айтылды.
Қ.Сопиев,
Әділет аға лейтенанты