Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сессиясында сөз сөйлеп, еліміздің алдағы межесін тағы бір айқындап берд

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сессиясында сөз сөйлеп, еліміздің алдағы межесін тағы бір айқындап берд
Президент өз сөзінде көптен бері талқыланып, ауық-ауық айтылып қалатын, ауыл әкімдерін сайлау туралы маңызды мәселеге назар аударды. Демократиялық құндылықтарды, көппартиялы жүйені дамыту бағыттарын тарқатқан Президент ауыл әкімдерін сайлауға көшу арқылы өзін-өзін басқару механизмін нығайтуға болатынын айтты.
Расында да, тағайындаудан гөрі сайлаудың әділ әрі ашық өтетіні бесенеден белгілі. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы мәселеге қатысты нақты тапсырма жүктеді. Саяси жүйедегі өзгерістерді тілге тиек ете келе, Президент: «Тағы бір маңызды қадам – ауыл әкімдерін сайлау. Биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондықтан, алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады. Алайда мұнымен де шектеліп қалмауымыз керек», – деді.
Біздіңше, бұл әбден пісіп-жетіліп тұрған, тек бастауды ғана талап етіп тұрған маңызды қадам. Жергілікті өзін-өзін басқару жүйесін төменнен бастап өзгерту оң нәтиже берері анық. Ауыл әкімдері арасында сайлау өткізу, біріншіден, ауылдағы ағайын үшін пайдалы. Тағайындаудың салдарынан қаншама ауылдың әлеуеті тұралап тұрғаны жасырын емес. Әкім өз ауылын бүге-шігесіне дейін жатқа білуі тиіс. Өзі басқарып отырған елді мекеннің тумасы болса, бұл тіптен нұр үстіне нұр. Туған жеріне жаны ашитын, туған ауылының кемшін тұсын толықтырып, ағайынның ауызбіршілігін арттыруға жұмыс істейтін әкімді халық та құрмет тұтады.
Осы тұрғындан алғанда, Президенттің Парламент депутаттарының алдында сөйлеген сөзі құптарлық әрі тың реформалардың бірі дер едім. Ауыл әкімдерін сайлау бір жағынан, саяси жүйені орнықтыра түссе, екінші жағынан, қазақтың қайнар бұлағы – ауылға деген көзқарасты өзгертеді деген сенімдемін.

 Ғалиасқар Сарыбаев,

 Кербұлақ ауданының әкімі