Жаңа жылмен құттықтады

Жаңа жылмен құттықтады
Аудан әкімі Серікжан Қазиұлы ардагерлер кеңесінің төрағасы Матан Бекбосынов, аппарат басшысы Мұхит Карибаев, ішкі сясат бөлімінің басшысы Еркін Тоғызақов, Талғар қаласының әкімі Айдар Болатбайұлы, білім бөлімінің басшысы Қарлыға Садвакасова сынды бірқатар бөлім басшыларымен бірге ауданымыздағы ҰОС ардагерлерін жаңа жылмен құттықтады. Атап айтар болсақ, Иван Белоусов, Абдрахим Садыков, Маценко Краснослав, Вячеслав Легостаев, Жұмабек Сапаров сияқты ардагерлерге жаңа жылдық сыйлықтар тарту етіп, ақжарма тілектерін жеткізді. Мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек беруге уәде етті.
Сонымен қатар Талғар қаласындағы «Нұр» және «Ковчег» балалар үйіне бас сұғып, ондағы балаларды құттықтап, сыйлықтар тарту етті. Балалардың жай-күйін көздерімен көріп, қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жоспарлы жұмыс істейтінін жеткізді.

«Талғар-ақпарат»