Сапақ ауылдық округінде мал шаруашылығы қазынаны толтырып отыр

Сапақ ауылдық округінде мал шаруашылығы қазынаны толтырып отыр

«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты Сапақ ауылдық округінің әкімі Чигирбаев Арманбекпен  өткізілді, — деп хабарлайды Jetisy media ақпараттық алаңы.

Ауыл шаруашылық саласы бойынша жер көлемі  — 30 733 гектар, оның  ішінде егістік  жерлері — 5120 гектар, шабындық  —  2062 гектар, жайылым жерлері — 23 545 гектарды құраса, жыл қорытындысы бойынша 5120 гектар егістік  жерден 23 280 тонна өнім алынған. Оның ішінде жаздық бидай — 835 гектар, арпа — 3 448 гектар, сұлы — 200 гектарға жеткен. Ал майлы  дақылдар  — 844 гектар, оның  ішінде  күнбағыс — 422 га, зығыр — 422 гектар, азықтық  дақылдар  — 185 гектар,  картоп — 45 гектар, көкөніс — 10 гектарды құраған.
Мал шаруашылық саласы бойынша бүгінгі  күні округте  мал бастарының өсуі тұрақты. Ірі қара — 1295 бас, оның  ішінде 437 бас  сиыр,  ұсақ малы  3870 бас, оның  ішінде  саулықтар 1087  бас, жылқы 516 бас, оның  ішінде биелер 120  бас, шошқа 115 бас, оның  ішінде  мегежіндер 18 бас, құстар 3183 басқа жуық.
Денсаулық саласы бойынша Сапақ ауылдық округінде 1 дәрігерлік амбулатория және Бибақан ауылында 1 медициналық бөлім жұмыс жасайды. Онда істейтін қызметкерлер саны — 9 адам. Оның ішінде: 3 фельдшер,  1 акушер, 2 санитар, 2 жұмысшы және 1 жүргізуші бар.
Әлеуметтік сала бойынша 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап жаңа форматтағы  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  шаралары жүзеге асырылып, округ әкімшілігі тарапынан көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға мониторинг жүргізіліп, учаскелік комиссия қорытындысы негізінде 5 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.
Ағымдағы жылдан бастап көпбалалы, яғни 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар 8 отбасына мемлекеттен алғашқы жәрдемақы төленген. Сонымен қатар,  ауыл азаматтарының демеушілігімен мешіт іргесі қалануда.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының орындалуы туралы
3 бағыт бойынша:
Әлеуметтік жұмыс орны бойынша 1 адам жұмысқа орналастырылса, қоғамдық жұмысқа 33  адам  тартылған. 1 адам жастар практикасына жұмысқа орналастырылған.
      Жалпы, Сапақ ауылдық округі бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 17 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде инфрақұрылым саласы бойынша 12 адам Сапақ ауылындағы мешіттің құрылыс жұмыстарында жұмыс жасауда.
Білім беру саласы бойынша округте 1 — орта мектеп жұмыс істесе, онда 22 мұғалім ұстаздық етеді. Білім алушылар саны — 76 бала. Ал, Бибақан ауылында 1 негізгі орта мектеп бар болса, онда 16 мұғалім оқушыларды  білім нәрімен сусындатуда. Нақты білім алушылар 30 баланы құрайды.

 

Талғар-ақпарат