ҚҰРАН МЕН ІНЖІЛ – БІР КІТАПТА

ҚҰРАН МЕН ІНЖІЛ – БІР КІТАПТА

Америка Құрама Штаттарында Құран мен Інжілді ағылшын тіліне аударылып, екеуін бір кітап етіп басып шығарылды. Онда 3 мыңдай ұқсас тақырыптар қатар берілген. Кез келген оқырман бұл кітапты оқи отырып, екі діннің басты кітаптарындағы ұқсастықтарды салыстыра алады.
Кітап авторлары – ғалымдар Дэвид Ньюбери мен Сафи Каскас – бұрыннан достар. Каскастың осы жобаны бастап, Құранды ағылшыншаға аудара бастағанына он жылдай уақыт өткен. Достардың айтуынша, бұл жоба христиандар мен мұсылмандарды «ымыраға шақыратын құрал» болмақ.
«9/11 оқиғасынан кейін (АҚШ-тағы 2001 жылы 11 қыркүйекте болған теракт) христиандардың мұсылмандарға және олардың кітабы – Құранға үрке қарауы салдарынан қоғамда тұрақсыздық әлі де бар. Сондықтан, осындай еңбекті шығарудың уақыты баяғыда келген. Бұл Інжілде айтылған оқиғалар мен жағдайлардың Құранда да бар екенін, яғни Құран да Інжіл секілді адамды мейірім мен достыққа шақыратынын және де христиан діні мен Ислам діні арасында кейбір айырмашылықтар болғанымен, ортақ құндылықтар одан да көп екендігін көрсетеді», – дейді Каскас.