Сирияның Идлиб қаласында жойқын жарылыс орын алды

Сирияның Идлиб қаласында жойқын жарылыс орын алды

Жарылғыш зат толтырылған көлік Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Идлиб аймағында орталығында жарылды. Салдарынан әскерилермен қоса 50 адам қаза тапты.

Деректерге сәйкес, жарылған көлік «Джебхат ан-Нусра» аталатын террористік топқа тиесілі болған.

Арабиялық БАҚ мәліметтерінде көрсетілгендей, Идлиб қаласы «Ахрар аш-Шам» террористерімен болған соңғы қарқында күрестен соң «Джебхат ан-Нусра» тобының бақылауына көшкен болатын.

Өткен аптаның жұмасында Рейтер агенттігі «Ахрар аш-Шам» және «Джебхат ан-Нусра» террорлық топтардың Идлиб ауданында өзара қарулы қақтығыстарды доғаруға дайындық жүргізіп жатқандығын хабарлаған болатын.

«Ахрар аш-Шам» — негізгі базасы Идлиб аймағында орналасқан Сириядағы ең ірі террорлық топтардың бірі.