2022 жылы Футболдан әлем чемпионатының күнтізбесі белгіленді

2022 жылы  Футболдан әлем чемпионатының күнтізбесі белгіленді

Катарда өтетін 2022 жылғы  футболдан әлем біріншілігінің ойын кестесі жарияланды деп хабарлайды Талғар ақпарат .

Дүбірлі дода 2022 жылғы 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катардың жеті қаласында өтеді. Топтық кезеңнің матчтары 21 қараша мен 2 желтоқсан аралығына белгіленген. 3-6 желтоқсанда 1/8 финалдық кездесулер өтеді. Ширек финал ойындарын 9-10 желтоқсанда, жартылай финалды 13-14 желтоқсанда өткізу жоспарланған. Үшінші орын сарапқа салынатын матч 17 желтоқсанға, ал әлем кубогының финалы 18 желтоқсанға белгіленген. Сонымен қатар топтық кезеңнің алғашқы ойыны 21 қараша күні Әл-Хор қаласындағы «Әл-Байт» стадионында өткізіледі. Әлем біріншілігінің алғашқы матчында Катар мен А тобында сынға түсетін ұлттық құрама кездеседі .

Күніне төрт ойын өткізу жоспарланған. Матчтар Нұрсұлтан қаласының  уақытымен 16.00, 19.00, 22.00, 01.00-де басталады. Ал үшінші тур мен плей-офф ойындары елорда уақытымен 21.00, 01.00-де өткізіледі.

Талғар ақпарат