Болашақ – қазақ тілінде

Болашақ – қазақ тілінде

Тізбектей берсек, тәуелсіздікпен келген талай жетістікті айтуға болады. Соның ішінде  тек тіл саясатына қатысты қаншама ауқымды жобалар жүзеге асты. Елімізде жүргізіліп отырған тіл саясаты – еліміздің ішкі саясатының негізгі құрамдас бөлігі болып отыр. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған маңызды  шаралар аясында  жүйелі жұмыстарды қалай жоқ деп «қу шөппен ауыз сүрте аламыз». Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 30 жылдық  тарихы бар ұлт басылымы  «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында да осы мәселелер қамтылып, бүгінгі пандемияның әсері мен одан кейінгі тіршілік жайлы  толғаулы жайттар айтылыпты.

Қазақ тілінің жағдайы туралы айтқанда, мемлекетіміздің негізін қалаған, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінен аттап кетуге болмайды. Егемен болған  аумалы-төкпелі кезеңнің өзінде Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей ықпал етуімен Парламент қазақ тілін «мемлекеттік тіл» деп жарияла-ды емес пе? Осыған байланысты Елбасымыздың  «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» деп ой қорытқаны жүрегінде оты бар әр жанның ұранды сөзіне айналды.  Сөзді сүйектен өткізіп, өң бойыңды шамырқандыра-тын да, санаға түрлі ой салдыратын да, шешендік сөзбен құмарыңды қандыратын да, ентелеп келген дұшпанды ымыраға келтіретін де, батырды намысын жанып, «Отан үшін отқа түсіретін де» тіл емес пе? Адам тағдыры талқыға салынған қым-қуытты шырғалаң кезеңде арзан ойын-күлкіден гөрі, ұлттық идеяны ұлықтайтын бағдарламалар мен жобалардың туындауы керек екенін баса айтқан ел Президентінің сұхбатын тұщына оқып шығуға кеңес беремін.

Рая Байшықова,

Талғар аудандық-халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы.