Бүгін Алматы облысында коронавирустың тағы 2 жағдайы тіркелді

Бүгін Алматы облысында коронавирустың тағы 2 жағдайы тіркелді

Бүгін Алматы облысында коронавируспен ауырған тағы 2 адам тіркелді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оның бірі – Іле ауданы, Қарой ауылының тұрғыны. Екіншісі – 30 сәуірде «Атырау-Алматы» әуе рейсімен ұшып келген жолаушылардың бірі. Оның сырқаты профилактикалық тексеру барысында белгілі болған. Онымен бірге бортта 79 жолаушы, 9 экипаж мүшесі болған. Жақын байланыста болғандар – 9, потенциалды байланыста болғандар саны – 71 адам. Жақын байланыста болғандар Қарасай аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды, ал потенциалды байланыста болғандар үй карантинінде медициналық мамандардың бақылауына алынды.

Тағы бір атап өтерлігі, БАӘ-ден жеткізіліп, Қапшағай маңында карантинге алынған 171 адамның барлығының вирусологиялық зерттеу нәтижесі таза болып шықты. Олар бүгін әкімдік тарапынан ұйымдастырылған арнайы автоубстармен үйді-үйлеріне таратылды.

Жалпы, Алматы облысында COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны – 144.

Талғар-ақпарат