Үйде болайық!

Үйде болайық!

Мен, Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Үндеуінде айтылған карантин режимін қатаң сақтау керек екеніне толық келісемін. Күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі әбден мүмкін.

Коронавирустық инфекциямен күресіп жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғысымыз шексіз!

Бауыржан Момышұлы атамыздың «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөзін ұстансақ, ақ халатты абзал жандардың үйде бол сөздерін орындайық. Бұл Үндеу еңсемізді көтеріп, алдағы уақытта жақсылықтың болуына сенім ұялатқандай.
Біз Біргеміз! Берік іргемі!

Мамбетәлі Арайлым,

Бесқайнар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы.