Біз біргеміз!

Біз біргеміз!

Бүгін, ҚР Президенті Қ. Тоқаев өз мәлімдесін жолдады. Мәлімдемеден алдағы күннің және өткен жұмыстардың нақты есебі мен тапсырмаларын көрдік. Иә, еліміздің басына осындай жағдай туғанда біз бәріміз бірігіп татулықтың, ауызбіршіліктің не екенін көрсете білдік. Берілген тапсырмаларды жастар да бір кісідей атқарды. Алдағы күндері де атқарылған жұмыстардың ауқымын кеңейте береміз.

Баршаңызға мәлім, елімізде төтенше жағдайға байланысты, аудан еріктілері білек сыбана жұмыс атқаруда. Соның бір көрінісі, «Біз Біргеміз» жобасы аясында Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған еріктілер тобы мен «Vector» Жастар Одағы» ҚБ, «Жауқазын» ҚБ, «Jas Otan» ЖҚ ауданның жалғызілікті қарттары мен аз қамтылған, жалпы 120 отбасына азық-түлік себеттерін таратты.

Жастар орталығының базасында фронт-офис ашылып, қауырт желі іске қосылған. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталығымен бірігіп, 100 жұмыссыз, пробацияда есепте тұрған, NEET қатарындағы жастарды ерікті ретінде жұмыспен қамту жоспарда. Еріктілер өз тарапынан мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге әрдайым дайын.

Замира Қалымбетова,
аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі.