Тәртіп пен талапты бұлжытпай орындайық

Тәртіп пен талапты бұлжытпай орындайық
Елбасы  Н.Назарбаевтың Қазақстан өркениетінің кемеңгер көшбасшысы болып қала беретіні сөзсіз. Себебі   Нұрсұлтан Әбішұлы Отанымыз Қазақстан үшін ең бір қиын кезеңде ел басқару ісін қолға алып, өзінің алысты болжайтын көрегендігінің, даналығының арқасында кең байтақ қазақ даласында жаңа Қазақстанның іргетасын қалады.
Халықтың жүрегінің  соғысымен,  қалауымен   бірге  Елді басқара білу үлкен даналықты, батылдықты, білімді  талап етеді.
Біздің мемлекетімізге ғана  емес  әлемде үрей тудырып, тілсіз жауға айналған короновирус  індеті баршамызды ынтықмақты болуға үндейтін іспетті. Мұндай жағдайда  көмек қолымызды  барынша аянбай  бір-бірімізге қамқор болу аса  қажет.
Берілген тәртіпті  ұстанып,  талаптарды бұлжытпай орындау өте маңызды. Бұл ретте денсаулықтың қадірін түсіне бастадық. Халқымыз  тыныштықты ту етіп  ұстанған. Біз әлемге бейбітсүйгіш ел болып  танылдық. Сондықтан бұл сынақты да  шыдамдылық пен бір-бірімізге мейріміділік танытып еңсереріміз хақ. Алла Тағалам адамзатқа амандығын  жолдасын.
Оразалиева Күляш,
Талғар ауданынынң Құрметті азаматы.