Құрметті Талғар ауданы тұрғындары!

Құрметті Талғар ауданы тұрғындары!

Талғар ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы 2019 жылдың қорытындысы бойынша және 2020 жылға белгіленген жобалар бойынша баспасөз конференциясын назарларыңызға ұсынамыз. Осы бағдарлама бойынша көкейлеріңізде жүрген сұрақтарыңыз бар болса тікелей эфирде қоюларыңызға болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша ауданда бірқатар жұмыстар атқарылуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөнінде,  белгіленген 6 бағыт бойынша, 15 адамнан тұратын өңірлік комиссия  құрылған.

  Бағыттар:

  1. «Туған жер»
  2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
  3. «Қазақстанның киелі жерлері»
  4. «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы»
  5. «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде»
  6. «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі»

 «Туған жер»  арнайы жобасы

«Есік –Түрген» шатқалына экскурсияға 2500 оқушы апарылды

  • «Үш музей» атты жоба аясында экскурсияға 3100 оқушы апарылды
  • «Алматы –арман қала» Алматы қаласына 1000 оқушы апарылды
  • «Талғиз-Талғар тарихы» атты жоба аясында таңымдық экскурсияға 1500 оқушы апарылды.

Бұдан басқа, тоқсанына бір рет «Рухани жанғыру — елдігінің бастауы» атты тәрбие сағаттары, «Тәрбие тал бесіктен басталады» ата — аналарға араналған лекторийлер өткізілуде.

2019 жылға 4 жоба белгіленген,  Белбұлақ ауылдық округіне қарасты Талдыбұлақ ауылындағы №34 мектеп –гимназиясында 31 мамыр күні «Мәңгілік ел» саябағы ашылды, оның құны 5 млн.тенге құрады. Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі»,-деп жазады Президент.

Міне осы Елбасымыздың осы тапсырмасын орындау мақсатында екі жылдың ішінде Талғар ауданы Талдыбулақ ауылындағы Қ.Әбдіғулов атындағы шағын орталығы бар №34 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы мемлекеттік коммуналдық мекемесінде мектеп ауласын абаттандыру жұмысы біршама өз нәтижесін берді. Осы бағдарламаның іске асуына мектеп басшысы З. Марипова басшылық жасаумен қатар өзі бастама көтере отырып, мектеп ауласына   20 туя ағашы, 20 түп  каштан, 10 қарағай, 200 раушан гүлі сонымен бірге  әр түрлі  гүлдейтін көпжылдық ағаштар  отырғызылды.  Екі альпі шоқысы жасалып, түрлі  жатаған аршалар отырғызылып, гүлдермен көмкерілді. Оған 20 қарағай, 40 түп туя, 10 түп мәжнүн, 10 түп булданаш гулдейтін ағаштар  отырғызылып, бұл жұмыс осы уақытқа дейін өз жалғасын тауып келеді.   Бұндай үрдіс барлық мекемелерде жалғасын тапса, өңіріміз гүлденіп, жайнап кететіні айқын.

Қалған үш жоба 2020 жылға ауыстырылды. Олар:

Нұра ауылында спорт аланың ашу (10 млн. тенге)

Өстемір ауылында парк ашылуы (20 млн. тенге)

Тұздыбастау ауылында парк ашылуы (5 млн.тенге)

2019 жылы Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында 220 – іс-шара ұйымдастырылып 22 мыңнан астам адам қамтылды, БАҚ беттерінде 63 мақала жарық көрді, әлеуметтік желілерде 150-ге жуық пост жарияланды.

3 жоба реестрге бекітіліп өткізілді.Олар:

  1. «Қазақтың қара жорғасы» атты би байқауы (сәуір айы);
  2. «Рухани тәрбие отбасыдан» атты аудандық отбасылар байқауы (қыркүйек айы);
  3. «Ат құлағында ойнаған Ұлы дала өрендері» атты аудандық аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан жарыс (қазан айы).

«Қазақтың қара жорғасы» атты ұлттық би байқауы 5-ші сәуір күні Талғар аудандық мәдениет үйінде өткізілді. Жалпы байқауға аудан бойынша 18 би топтары мен 9 жеке биші қыздар қатысты. Үлкен, орта, кіші топ болып үшке бөліп мықтылардың мықтылары анықталып, жалғасы «Ғұндар» этноауылында 11 сәуір күні ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына екі жыл толуына орай «Ұлттың рухы ұраным» атты ісшарасы аясында «Қазақтың қара жорғасы» атты ұлттық би байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өткізілді. 300 адам қамтылды.

«Рухани тәрбие отбасыдан» атты аудандық отбасылар байқауы 13 қыркүйек күні Талғар аудандық мәдениет үйінде өткізілді. Байқауға жалпы аудан бойынша 11 отбасы қатысты. Жалпы байқау 4 кезең бойынша өтті. I кезең «Тегіңді білу-тектілік» таныстыру, II кезең «Өнерліге -өріс кең» өз өнері, III кезең Ұлттық салт-дәстүрлерден сұрақ жауап, IV кезең «Қонақ күте білеміз бе?» Дастархан мәзірі, қонақ күту рәсімдерін түсіндіру. Барлық жеңімпаздармен қатысушылар диплом, алғыс хаттар сыйлықтармен марапатталды. 250 адам қамтылды.

 «Ат құлағында ойнаған — Ұлы дала өрендері» атты бала көкпар, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ ойындары2019 жылдың 3-ші қазан күні Нұра ауылында өтті. Қазақ үй тігіліп, қазақтың салт-дәстүрлері насихатталды. Қазақтың ұлттық ойындары – көкпар, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ сайысында көзге түскен балаларды естелік медальмен, Кубок және түрлі сыйлықтармен марапаттады. Қатысушылар саны 150 адам.

Нұра ауылдық мәдениет үйінің «Ғасырлар үні»  музейінде «Ат жабдықтары», «Атадан ұрпаққа қалған ұлттық зергерлік бұйымдар», «Қазақтың ұлттық мұрасы», «Ата кәсіп», «Атаның тәрбиесі», «Ұлттық салт-дәстүр», «Ұлттық тәрбие», «Асық ату», «Бесік жыры», «Қыз тәрбиесі» атты аптасына екі рет танымдық сабақтар өткізіліп тұрды.

Тұздыбастау ауылдық мәдениет үйінің «Өлкетану» мұражайында «Тұздыбастау құтты қоныс мекенім», «Туған өлке мәдениеті», «Туған өлке тарихы», «Туған жер», «Киелі жерлер»  тақырыптарында аптасына екі рет танымдық сағаттар өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттың рухы — ұлттық өнерде» атты лекция концерт ауданымыздың 17 мектептерінде өткізілді. Мақсаты: атадан балаға мирас болып келе жатқан жыр-терме, дәстүрлі ән, күй, ұлттық аспаптарды жастарға терең таныстыру.

Рухани құндылықтарды дәріптеу, ұрпаққа үлгі ету және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтудан оқушылар арасында «Жыр — жауһар» атты аудандық байқауы, Алпамыс жырын жатқа айтуданжастар арасында байқаулар өткізілді.

Аудан  бойынша   2019  жылға  6  көрнекілік насихат құралдары/ баннер, билборд/  орналастырылып, 50-ден астам  методикалық нұсқаулықтар  және 200 -ден астам  брошюралар  таратылды.

Аудандық «Талғар» газетінде  арнайы  98 тақырыптық мақалалар жарияланып,  әлеуметтік желілерде 67   жарияланым жасалынды.

Сонымен қатар, ауданда  «Рухани жаңғыру» республикалық қоғамдық-саяси, әдеби-мәдени журналы шығарылуда.

Аталған жобаларды жүзеге асыру  мақсатында 162 шара  өткізілді. БАҚ беттерінде, интернет парақшаларында жарияланған  мақалалар саны 83.

  «Жаңа гуманитарлық білім.  Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында 43 білім мекемелерінде  «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша  мектептердің  кіре беріс залдарында ақпараттық тақта ілініп, көрме ұйымдастырылды, сондай-ақ  «100 жаңа оқулық-жаңаша білімге жетелеуші күш» атты 15 тен астам  шаралар ұйымдастырылды .

 «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» арнайы жобасы аясында Қызыл-Қайрат ауылдық мәдениет үйінде Ұлы дала мұрагерлерінің өткен жүзжылдықтағы көнерген әндерден «Ұрпаққа өсиет» атты концерт өтті. Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ақын, сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ә.Бәзілханұлының «Сағынышым сары дала» атты ән кеші өтті. Тұздыбастау ауылдық «Аналар Нұры» ансамблінің құрылғанына 5 жыл толуына арналған Нұра, Тұздыбастау, Қызыл-Қайрат ауылдық мәдениет үйлерінде «Ұлттың болашағы – ұлттық дәстүрде» атты кештер өткізілді. Тұздыбастау ауылдық мәдениет үйінде ҚР Мәдениет қайраткері дәстүрлі әнші Е.Стамғазиевтің, «Набат» жыраудың шәкірттерімен бірге ән кештері өтті.

Мәдениет үйлерінде «Шежіре-отау» 10 тұрақты үйірмесінде салт-дәстүрмен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына екі жыл толуына орай «Ғұндар» этноауылында 11 сәуір күні «Ұлттың рухы ұраным» атты ісшарасы өтті. «Қазақтың қара жорғасы» атты ұлттық би байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өткізілді.

Атадан балаға мирас болып келе жатқан жалынды жыр-термелер, әсем әндер мен күмбірлеген күйлерді, қобыз, домбыра, шертер, асатаяқ, дабыл т.б. сияқты  ұлттық аспаптарымызды жастарға терең таныстыру мақсатында «Ұлттың рухы — ұлттық өнерде» атты лекция концерт ауданның барлық мектептептерінде өткізілді.

Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді  насихаттау мақсатында Нұра ауылдық мәдениет үйінің «Ғасырлар үні» музейінде «Ат әбзелдері», «Киіз үй жабдықтары», «Ененің келінге берер тәлімі», «Ата кәсіп», «Рухани байлық –иманнан», «Көрісу-дәстүрдің жаңғыруы», атты  тәрбиелік іс-шаралар өтті. Талғар балалар кітапханасында  «Асық ату», «Бесік жыры» тақырыптарында танымдық сабақтар, аудандық кітапханада «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Өмір жолы», «Алтын адам», «Қаза байлыққа толы ұлы дала» атты  т.б. іс-шаралар, дөңгелек үстел, көрмелер  өткізілді.

«Қазақстанның киелі жерлері»  тізіміне енген көне «Талғар» қалашығына, Қуғын сүргін құрбандарын еске алуға арналған ескерткішпен музейге жалпы 24 экскурсия ұйымдастырылып, 400-ге жуық адам қамтылды.

Жаңалық ауылындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейде Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай  арда ұлдың  өмір жолы мен ерен еңбегін  насихаттайтын ғылыми конференция өтті. Шараға академик, тарихшы-ғалым Хангелді Әбжанов,  «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының төрағасы, филология ғылымдарының докторы, музей меңгерушісі Ғарифолла Әнес, қоғамның атқарушы директоры Сәуле Қожықова қатысты.

Рысқұлов ауылының жоғары жағына, М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасында» суреттелген Бесағаш өзенінің бойындағы қыстақта Тұрар Рысқұлов  дүниеге келген төбе басына ескерткіш белгі тақта орнатылды.

31 мамыр – Жаппай саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне бағышталған «Ашаршылық пен Үлкен террордың тарихи сабақтары» атты халықаралық ғылыми-тәірбиелік конференция өткізілді. Жиынға елімізге танымал тарихшылармен қатар Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген ғалымдар қатысты.

«Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» жобасы аясында Талғар ауданынаң 4 адам ұсынылды.

«Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру» арнайы жобасы аясында жеке жоспар жасалып, бүгінгі таңда  144 іс-шара «Латын графикасына көшудің стратегиясы, ұлт болашағы үшін мәні», «Жаңа қазақ әліпбиінің тәртібі мен құрамы», «Қазақ тілі латын әліпбиімен», «Латын әліпбиі: Жаңғыру жазудан басталады», «Латын әліпбиі – біздің болашағымыз», «Латын әліпбиі түркі әлемін табыстырады» т.б семинар, лекция, дөңгелек үстел, көрмелер ұйымдастырылып 1000-ға жуық адам қамтылды, БАҚ беттерінде 40 мақала жарық көрді.

2020 жылдың жоспарында тұрған жобаларымыздың тақырыптары:

  1. «Асыл мұра» Ешкім естімеген ән-күй, жыр, терме, толғау т.б. жинақтау
  2. «Тектілік феномені» Қазақтың ұлттық  тәрбиесін, салтын, дәстүрін дәріптеу
  3. Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Күй құдыреті» Қазақтың рухани қазынасының бірі күй өнерін дәріптеу
  4. «Туған жер» Алаш арыстарына есекерткіш орнату демеушілер көмегімен 5млн.тенге
  5. «Ел болам десең – бесігіңді түзе!» /ата-аналар қауымына семинарлар өткізу
  6. «Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар»
  7. «Мәдени мұра» қазіргі заманғы қазақ мәдениеті жайлы басылып шығарылған және заманауи жазушылардың кітап көрмелері, ірі баспалардың шақыруымен жоспарлануда
  8. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» роботехникамен айналысып жүрген оқушылар арасында көрме
  9. «Менің денсаулығым — менің болашағым — менің экологиям» — жас экологтар слеті
  10. «Менің өнерім — менің Отаным үшін» жас өнерпаздар байқауы
  11. Нұра ауылында спорт алаңын ашу (10 млн. тенге)
  12. Өстемір ауылында парк ашылуы (20 млн. тенге)
  13. Тұздыбастау ауылында парк ашылуы (5 млн.тенге)
  14. «Қоғамдық алаңдар Талғар» әлеуметтік аккаунты арқылы халыққа аудан тыныс-тіршілігімен кеңінен таныстыру, танымал тұлғалармен кездесулер ұйымдастыру
  15. «Қоғамдық тыңдаулар» алаңы жүйелі түрде халыққа ұсыну, аудандық әлеуметтік желілерде қөтеріліп жатқан өзекті мәселелерді көтеріп, танымал тұлғаларды, жауапты мекемелерді тарта отырып кездесулер жүргізу, идеологиялық ұстанымдарды қалыптастыру.

Құрметті тұрғындар, осы жобаларға белесене қатысуға шақырамын!

 

Талғар-ақпарат