Өзекті мәселе оң шешімін табатынына қуандым

Өзекті мәселе оң шешімін табатынына қуандым

Қазақстан халқы жыл сайын Президент Жолдауын асыға күтіп,  басты құжатта айтылған бағдар бойынша жұмыс жасауға үйреніп қалды.  Қазіргі Президентіміз Қ.Тоқаевтың алғашқы Жолдауын да асыға күттік. Әсіресе ұстаздар қауымы Мемлекет басшысы қандай тың жаңалықтар айтады екен деп елеңдеп отырдық. Өйткені, ел экономикасының басты көрсеткіші – білім сапасына негізделетіндіктен сол білімнің қайнар көзі ұстаздарға қандай жағдай жасалса артықтық етпейді деп ойлаймын.

Қ.Кемелұлы алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есе артатын болады деп барша педагог қауымын қуантып тастады. Яғни, ол жоспар кезең кезеңімен жүзеге асып, келесі 2020 жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетін болып отыр. Президент сондай-ақ қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап бара жатқандығын атап өтті. Бұл көптің көңілінде жүрген  күпті мәселе еді. Алдағы уақытта бұл өзекті мәселе оң шешімін табады деп қуанып отырмын.

Қуат Ешпаев,

Алматы облыстық мектеп-интернат директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.