Өрт қауіпі өршіп тұр

Күн райы жылына бастағаннан дала өртінің жиілей түсетіні белгілі. Әсіресе, жаз мезгілінде күннің қатты ысуы салдарынан қызыл жалынның құшағында қалған орман-тоғай қаншама?! Сондықтан, орман өртінің алдын алу жұмыстары жыл сайын ертерек басталады. Бірақ тілсіз жаудың қай бүйірден соғарын алдын ала болжау мүмкін емес. Осы орайда мамандар еліміздің он өңірінде өрт қауіпінің жоғарлағанын ескертеді.

«Апта басында  орын алған Ақмола (Ақкөл ауданы), Ақтөбе (Ырғыз, Мұғалжар аудандары), Жамбыл (Мерке, Талас аудандары), Қостанай (Алтынсарин, Қамысты аудандары), Павлодар (Шарбақты аудандары), Солтүстік Қазақстан (Айыртау ауданы) облыстарында 11 учаскеде табиғи өрттің алдын алу шаралары өтті. Аталған елді мекендерде алқаптармен  құрғақ шөп пен ормандар өртенді. От шарпыған  жалпы жер көлемі 10 мың гектарды құрады. Өрттің шығу себептерінің бірі найзағай разряды және тұрғындарының отпен абайсыз болуы. Өрттерді жою мақсатында орман шаруашылығымен қоса ерікті өрт сөндіру құрылымдары және ТЖД күштері мен құралдары тартылды», — дейді ведомстводағылар.

Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар алдын алу шаралары жөнініде кешенді жұмыс жүргізуі керек. Рейд жұмыстарын жүргізуге 3 300-ден астам адам жұмылдырылған.   Рейд нәтижесі көрсеткендей 558 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ТЖ комитеті халыққа өрт қауіпі күшейген кезеңде орманда және далада өрт қауіпсіздігі ережелеріне мұқиат болуды ескертеді. Және орманда жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын лақтыруға, от жағуға және өрт қауіпті кезеңде қоқыстарды жағуға, орманда май сіңген және бензин сіңдірілген сүрту материалын қалдыруға, шыны ыдыс және сынған шыны қалдыруға тыйым салады.


Талғар-ақпарат