АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстар аудан көлемінде ауқымды десек артық айтқандығымыз емес. Оның ішінде латын əліпбиін насихаттау бағытындағы шаралар жоспары тығыз. Аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі бастаған тіл жанашырлары апта сайын аудандағы мекемелерге бас сұғып, қызметкерлерімен кездесіп, жаңа əліпбидің жазу емлелерін түсіндіріп келеді. Сондай жиынның бірі Талғар желіжол техникалық цехінде өтті. Латыннегізді əліпбиге көшуге
байланысты мəліметті іздеп, зерттеп жүрген аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің əдіскері Г.Мамырбаева бұл жолы да емле ережелерін мекеме қызметкерлеріне жан-жақты түсіндіріп берді. Көрнекі құралдарын көтере жүретін əдіскер барлық сұраққа лед экрандағы көрсетілімдер арқылы жауап
тауып берді. Ал аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері болса латынға көшу – елдік мұраттарымызды нығайтатын бірден бір жол деп түсінетіндіктерін жеткізді. А.Байтұрсынұлы салған сара жолға қайта оралу – қазақтығымызды
əлемдік деңгейге көтереді деп санайтын басқарма қызметкерлері семинар барысында латын тілін қазірден бастап оқып, үйренгісі келетіндіктерін айтты. Сұраққа нақты жауап берген мамандар алғашқы қадамды Л.Абызова құрастырған əліппеден бастауды ұсынды.

Мемлекеттік кірістер басқармасындағы «Латын əліпбиіне көшудің маңыздылығы» атты семинарда басқарма басшысы А.Мүлкібеков осы жылы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының «Латын графикасы негізіндегі ресми жазылым» тақырыбы бойынша семинарға
қатысып, арнайы сертификат алғандарын айта кетті. Яғни бұл басқарма қызметкерлерінен латын жазуына көшуге Елбасы Жарлығы шыққан күннен бастап дайын екендіктерін байқадық. Салықтың ғана емес ұлттың да тіліне жауапкершілікпен қарайтындықтарына риза болған ақын К.Тəлімұлы бұл ісі өзге мекемелерге үлгі болатандай игі іс екендігін атап кетті.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік коорпарациясы «Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Əлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Талғар аудандық бөлімінде болған басқосуда латын əрпіне негізделген қазақ тілі əліпбиінің емле ережелері талқыланып қана қоймай, сол емле ережесіне сай жазу жұмыстары қоса жүргізілді. Аракідік дау тудырып жүрген əріптер болмаса басым көпшілігі латын гарфикасына негізделген алфавитті жақсы меңгергендерін байқатты. Осылайша тоқтаусыз жүріп жатқан ақпараттық-насихат жұмысы өз қарқынынан таймай, жалғаса беретін болады.

М.Бөлек.