Ауызсуға зәру елді мекеннің тілегі ескерусіз қалмайды

Ауызсуға зәру елді мекеннің тілегі ескерусіз қалмайды

Жуырда аудандық мәслихат хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы, аудан әкімінің орынбасары Шыңғысхан Маманов, бірқатар бөлім, басқарма, мекеме басшылары Қайнар ауылдық округі халқымен кездесіп,
талап-тілектеріне құлақ түрді.

Кездесу жиыны Еркін ауылындағы №26 орта мектебінің жиынжайында өтті. Кездесу жиынының тізгінін ұстаған аудандық мəслихат хатшысы Ж.Еңкебайұлы өз сөзінде жуырда өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау науқанының қорытындысына тоқталып, басым дауыспен «Nur Otan» партиясы жеңіске жетіп, ҚасымЖомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты ұстанымы – халықпен бір ге биік белестерге ұмтыла отырып ау қымды міндеттерді іске асыруда қос ба ғытта жұмыс істеу болып табыла-тынын, бұл ретте тұрғындарды мазалаған мəселелерді шұ ғыл шешу əрі көмекке мұқтаж азамат тарға қол ұшын беру керектігі басты назарда. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қатаң бақылауға алу, елі міздің дамуындағы аса маңызды сұрақтар бойынша «билік – қоғам» диалогын ұйым дастыру екенін жеткізді. Осыған орай жергілікті өкілді орган ретінде тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, тиісті шешім қабылдау үшін осындай іс-шаралар ұйымдастырылып отырғанын айтты.

«Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, ауыл тұрғындары да осы кездесуді асыға күткендей толған-дырып жүрген əлеуметтік мəселелерін ашық айтты.

Қашан да сайлаушылардың ұсыныс-тілегін қалт жібермеуге тырысатын аудандық мəслихат өз жұмысын нəтижелі жұмысқа бағыттап келеді. Бұл жолы да солай болды. Орын алған кемшілікті, қордаланған мəселені сала мамандарымен бірлесе отырып шешудің маңызы зор. Бұл күнгі кездесуге үкілі үмітпен келген тұрғындар да бірден орын алған проблемаларды жіпке тізгендей жайып салды. Алғашқы болып сөз алған ауыл белсендісі Нұрболат Келгенбаев пен Сəуле Нұрмұханбетова бірнеше мəселені көтерді. Олар «Айғаным», «АйАбылай» мөлтек аудандарында тұратын халықтың ауызсуға зəру болып отырға-нын ашына айтты. Бұл мəселе былтырғы жылы да аудан əкімінің, халық қалаулыларының есеп беру, кездесу жиындарында көтерілген болатын. Аталмыш елді мекендерге ауызсу жүргізу үшін 2014 жылы бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, оны тендер арқылы «Айсем и Ко» ЖШС жеңіп алғаны, əрі бөлінген қаржының 95 пайызы төленгені белгілі. Бірақ, дəл осы күнге дейін халық ауызсуға мұқтаж. Су жүйелері қаңырап бос тұр. Оған қоса су жүйесін жүргізу барысында ауыл жолдары да бұзылған, көше бойындағы топырақ үйінділері көлік емес, жаяу жүргіншінің де қозғалысын əбден қиындатқан. Əсіресе, жаңбырлы күндері мектепке баратын оқушылар батпақ кешуге мəжбүр. Білім ордасына тап-тұйнақтай болып кете-тін балаларының кір-қожалақ болып қайтатынына ата-аналары да қынжылыс білдірді. Ішетін суға зəру болып отырған жандар үшін күнделікті кір-қоңын жуу да оңай емес. Тіршілік нəрі саналатын ауызсуды Еркін ауылының шетіндегі артезиан құдығынан, ұзын-сонар кезекті күтіп, тасып ішуге мəжбүр болып отырған тұрғындардың өкпесі қара қазандай. Жасыратыны жоқ, құрғақ уəде беруден компания басшысы да, осы салаға жауапты «аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жəне тұрғын үй инспекция-сы» бөлімінің мамандары да жалықпайтын көрінеді. Бірақ аптап ыстықта судың зардабын тартқан ауыл
тұрғындарының шыдамы таусылған сыңайлы. Бұл ретте халық пен биліктің арасында алтын көпір бо-лып жүрген депутаттардың да айтар уəжі қалмағандай. Аталмыш жиын да осы бір күрмеуі түйдектелген
мəселелердің оңтайлы шешілуіне барынша ықпал етуге негізделіп отыр. «Шешінген судан тайынбас»
деген дей, мəселені турасынан қойған ауыл жұрты жауапты сала мамандарына, ха лық қалаулыларына
батырып айтты. «Жанайқайымызға құлақ аспасаңыздар. 1200 адам қол қойған хатты жоғарыдағы құзыр-лы органдарға жолдаймыз, күте-күте шаршадық…» деп, мəлімдеді. Өз кезегінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жəне тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Асқар Шамаев, «Айсем и Ко» ЖШС-нің директоры Серік Айтқожин шілде айының соңына дейін су жүйелеріне ауызсу жіберіле-тінін айтып, уəде берді. Ал бұзылған көше бойындағы жолды қайта қалпына келтіруге аталмыш компа-ния міндетті емес көрінеді. Асфальт төсеуге қаржы қарастырылмағанын алға тартқан компания жетек-шісіне жұмыс жүргізілген аумақты тегістеп, қалпына келтіру міндеттелінді. «Айғаным», «АйАбылай» мөлтек аудандарда тұратын халық саны күн санап өсіп отырғандықтан, мектепке баратын балалар саны да артып келеді. Осыған орай «мектеп салынады ма?» деген сауал да қойылды. Аудандық құрылыс бөлі-мінің басшысы Темірхан Қуандықтың мəлімдеуінше биылғы жылдың қыркүйек айында Дəулет ауылын-да жаңа мектеп есігін айқара ашпақ. Сонымен қатар, жоспар бойынша Жаңалық ауылында (300 орын-дық), Жалғамыс ауылында (600 орындық), «Айғаным» мөлтек ауданында (300 орындық) мектептің жобалық сметалық құжаттары жасалып, бүгінде мемлекеттік сараптамаға жіберілгенін айтты. Бұйыртса тамыз айында қорытындысы белгілі болады. Ауылдарда жарық жиі өшетіні де кеңінен сөз болды. Электр қуатының кенеттен ауытқуы, өшуі салдарынан қарапайым тұрғындардың тірнектеп жиған дүниесі – тоңазытқыш, телевизор сияқты электр бұйымдары істен шығып, азық-түліктері де жиі бұзылатын көрі-неді. Бұл мəселеге қатысты аудандық электр жүйесі мекемесінің бас инженері Мұхтар Темірбеков түсінік берді. «Айғаным» мөлтек ауданында 8 трансформатор бар, бүгінде оларды біртіндеп аудандық электр торабы мекемесінің балансына өткізу шаралары қолға алынған. Тұрғындар тарапынан үйлерінің техни-калық құжаттарын жинап, өткізу талап етілуде. Құжаттарды рəсімдеуде жеңілдіктер де қарастырылып отырғанын аудандық мəслихат хатшысы алға тартып, бұл істе тұрғындарды ұйымшылдық танытуға ша-қырды. Ал тозығы жеткен электр жүйелерін жаңарту, кедергі келтіретін ағаш бұтақтарын кесу сынды жұмыстарды қыркүйек айына дейін жүзеге асырамыз деген бас инженердің сөзіне көпшілік иланды. Межелеген жұмыстар атқарылған жағдайда жарық жиі сөнбейтін болады. Ауыл тұрғыны Гүльмира Байдалиева қоқыс шығаруды жүйеге келтіруді, Еркін ауылының үлкен күре жолмен түйісетін жеріне бағдаршам орнату керектігін айтты. Аталмыш мəселе бұған дейін де көтерілген болатын. «Айғаным» мөлтек ауданының орталығы – Қажымұқан көшесін асфальттау жайын ауыл тұрғындары жарыса айтты. Аудандық жолаушы көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асқат Досжанов биылғы жылы Қажымұқан көшесіне тас төсетіп беруге күш салатынын жеткізді. Ал асфальттау жұмыстары алдағы уа-қыттың еншісіне қалдырылды. Еркін ауылы мен «Айғаным» мөлтек ауданының арасын байланыстырып тұрған жалғыз көпірдің тозығы жеткен. Оны мүмкіндігінше нығайтып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге ауыл азаматтары атсалысатындықтарын білдірсе, бұл орайда бөлім басшысы А.Досжанов техникамен
жəрдемдесетін болды. Кездесу жиынында тұрғындар тарапынан газ жүргізуге қатысты сауалдар, қоғам-дық көлік мəселелері де айтылды. «Өзекті жанға бір өлім», «бесіктен шыққан жолаушы, бейітке барып
тоқталар» деген сөз бар қазақта. Өлмейтін пенде жоқ. Олай болса жер бесікке түскен жанды жерлейтін
бейіт мəселесі де көп жерде көтеріліп келеді. Еркін ауылы мешітінің имамы Əлмұханбет Ынтықбаев
төрт бірдей ауылға қарасты бұрынғы бейіт аумағында орын қалмай бара жатқанын, осыған орай қосым-ша жер қарастыру қажеттігін айтты. Көктал ауылының тұрғыны Серік Айнақұлов өзі мекен етіп отырған
ауылда бірқатар əлеуметтік мəселелердің орын алып отыр ғанын тілге тиек етті. Бұл – мектептің жоқты-ғы, жайылым мəселесі, қоғамдық көлікке деген сұраныс, ұрлықтың белең алуы, қарасудағы қолқаны қабатын жағымсыз иістің себеп-салдары, яғни экологиялық проблема. Аудандық мəслихат хатшысы Ж.Еңкебайұлы ай тылған мəселелерді назарына ала отырып, тамыз айында Көктал ауылын арнайы аралап шығатынын жеткізді.

Кездесу жиынын қорытындылаған аудандық мəслихаттың хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы жиналған көпшілікті ауызбіршілікке, сабырлыққа шақырды. «Ел мүддесі, ер мүддесінен жоғары», «қалыпқа салма халыққа сал» деп тегін айтылмаса керек. Тұрғындар тарапынан айтылған талаптілектер ескерусіз қал-майтынына сендірген халық қалаулысы жауапты мекеме, бөлім басшыларынан жүйелі, нəтижелі жұ-мысты талап етті. Мемлекет басшысының да қойып отырған талабы осы.

Райхан АЗИМОВА,

Талғар-ақпарат.