АХМЕТ ГАСАНОВ: КОРЕЯҒА КЕЛГЕН ӘР СПОРТШЫМЫЗ ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРІСТЕН ӨТУДЕ

АХМЕТ ГАСАНОВ: КОРЕЯҒА КЕЛГЕН ӘР СПОРТШЫМЫЗ ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРІСТЕН ӨТУДЕ

Қысқы олимпиада ойындарына 4 күн қалды. Спортшыларымыз Кореяға шетінен келіп жатыр. Олар ол жерде жаттығып қана қоймай, денсаулықтарына да мән беруде. Осыған байланысты олимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының дәрігері Ахмет Гасанов ҰОК-тың ресми сайтына сұхбат берді, — деп хабарлайды talgargazeti.kz сайты.

— Кореяға спортшыларымызға Медициналық қызмет көрсету үшін алты адам (екі дәрігер, төрт сылаушы) болып келдік. Екеуі Каннындағы олимпиадалық қалашықта жайғасса, үшеуі Пхенчханда қызмет етеді. Тағы бір сылаушы қалашықтан тыс коньки тебу спорт түрлеріндегі спортшыларымызға көмектеседі.

— Медициналық штабты қалай орналастырдыңыз және жергілігті жердің тазалығы туралы айтып берсеңіз.

— Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне медициналық штабты орнатуда көмектескені үшін алғыс айтқым келеді. Кореяға келген спортшылардың бәрі дәрігерлік тексерістен өтуде. Каннынға конькишілер мен шорт-трекшілеріміз келген, олардың денсаулықтыры жақсы, оларға массаж жасап жүрміз.

— Олимпиада қалашығындағы медициналық орталықтар туралы не айта аласыз?

— Пхенчхан мен Каннында Сеул Ұлттық университетінің базасында медициналық орталықтар бар. Олармен тығыз байланыстамыз, барлық жағдай жасалған.

— Спортшылардың тамақтану мен тұрып жатқан жеріне қандай баға бересіз?

— Тұрып жатқан жерлері жақсы. Күн сайын әр нөмерді тазалап тұрады. Үлкен асханалары да бар, онда әртүрлі тамақ беріледі.

Естеріңізге сала кетсек, Пхенчхан мен Каннынның қалашықтарында биатлон, коньки тебу спорты, фристайл-могул, шорт-трек, тау шаңғы мен шана спортының өкілдері тұрып жатыр.

Талғар-ақпарат