«7-20-25»: Алматы облысында мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда

«7-20-25»: Алматы облысында мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда

«7-20-25» бағдарламасы бойынша Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында үйдің ең жоғарғы құны 25 миллион теңге, өзге өңірлерде соның ішінде Алматы облысында 15 миллион теңге деп бекітілді. Осы бағдарлама аясында  76 жетісулық өтінім беріп, олардың жартысынан көбі мақұлданды. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасы тұрғын үй және инженерлік желілер бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Саид Дарменов баяндады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша өңірде 500 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Олардың жалпы құны 15 млн.теңгеден аспайды. Осы бағдарлама аясында баспаналы болу үшін алдымен қарыз алушы екінші деңгейлі банкке жүгіне отырып (Банк Центркредит, АТФБанк, BankRBK, Халық банк,  Евразиялық Банк, Цесна Банк, ForteBank), қаржы төлеуге мүмкіндіктерін растау қажет. Одан кейін банк мақұлдаса клиент құрылыс салушы компаниямен келісім шартқа отырып, көптен күткен үйіне қол жеткізеді.

Жиында сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Сәкенова Әлия бағдарлама тиімділігі жайлы айтып өтті.

-Аталмыш бағдарлама жылдық мөлшері 7%-ды құраса, ипотека тұрғын үй құнының 20% бастапқы жарнасымен және максималды түрде 25 жылға дейін несие береді. Бұл жұмысы, тұрақты табыс көзі бар адамдарға өте мемлекет тарапынан тиімді ұсыныс болып келеді. Себебі, үйді жалдап тұрғаннан гөрі, сол қаражатты өз баспанана құйған абзал. Несие алам деушілерге міндетті түрде жоғарыда айтылған банктерге жолығып, толығырақ ақпарат алуларына болады, — дейді ол.

Айта кету керек, қазіргі таңда «7-20-25» бағдарламасының мобильді қосымшасы әзірленуде.

Талғар-ақпарат