ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛЫП, ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛЫП, ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Осы аптада аудан əкімдігінің кіші мəжіліс залында аудандық мəслихаттың кезектен тыс 34-ші сессиясы болып
өтті. Сессияға аудан əкімі Рыскелді Сатбаев, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Мира Ермағанбетова, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қалимолда Байболов, аудандық, облыстық мəслихаттың депутаттары, ауылдық округ əкімдері, мектеп директорлары мен түрлі сала басшылары қатысты.

Осы алқалы бас қосуды жүргізіп отырған аудандық мəслихаттың хатшысы Жұмахан Еңкебаев ең алғашқы сөзді баяндама жасау үшін аудан əкімінің орынбасары Дəрменияр Қыдырбекұлына берді. Ол «Аудандық білім
бөлімінің 2017 жылғы жəне 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстары, білім беру деңгейі мен сапасы, білім бөліміне бөлінген бюджеттік қаражаттың нысаналы пайдалануы мен игерілуі туралы» кең көлемді баяндама жасап, аудандағы білім беретін 56 оқу мекемелеріне екі жылда бөлінген қаражаттың қандай мақсаттарға жұмсалғаны туралы айтып берді. Аудандық мəслихат депутаты Серік Құрақбаев аудандағы білім беру мекемелеріне бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы туралы депутаттық
тексеру комиссиясының қорытындылары туралы айта келіп, келешекте қолға алынуы тиісті мəселелерге тоқталды. Күн тəртібінде: «Талғар ауданы елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ көне атауларын өзгерту туралы» сұрақ бойынша сөз алған аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Фарида Бегенбаева Талғар қаласында жəне Панфилов ауылындағы бұрынғы
Кеңестік дəуірдің көсемдеріне берілген атаулардың түгелдей қазақ халқының асыл азаматтарына берілетінін жеткізді. Талғар ауданына қарасты Бесқайнар ауылдық округінде туризм саласын дамыту мақсатында салынатын «Lesnaya skazka-Aport-Aktas» тау-курорттық аймағын салудың бас жоспарын мəслихат
депутаттарының назарына ұсынған «Қазгипроград» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас маманы Лесков Денис Алексейұлы мен аудандық сəулет жəне қалақұрылысы бөлімінің бастығы Марат Рысбеков келешекте əлемдік туристік базаға айналатын осы аймақтың Талғар ауданы үшін беретін пайдасы мол болатынын жеткізді. Аудандық экономика жəне бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Айман Қисыбаева
«Талғар ауданына қарасты Талғар қаласы мен оған кіретін ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» №23-121 шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарын мəслихат
депутаттарының назарына ұсынды. Шешім жобасы депутаттар тарапынан бір ауыздан қолдау тапты. Сессияда сөз алған аудан əкімі Рыскелді Сатбаев мəслихаттың осы мəжілісінде көтерілген мəселелерге жеке-жеке тоқталып, оқубілім саласына жұмсалған қаражаттың жұмсалуы мен Талғар аймағында бой көтеретін курорттық демалыс орындарының талғарлықтар үшін пайдасы зор екенін, сол жерлерде 600-ден астам жұмыс орны ашылатынын экономикалық жағынан саралап берді. Сөйтіп, кезектен тыс өткен аудандық
мəслихаттың 34-ші сессиясы өз жұмысын аяқтады.

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».