Еңбек министрі қазақ тілін қанша уақытта үйренеді екен?!

Еңбек министрі қазақ тілін қанша уақытта үйренеді екен?!

Шаршаған Тамара Дүйсенованың орнына келген Мадина Әбілқасымова журналистердің қазақ тілінде қойған сауалына жауап бере алмай, ұятқа қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның жаңалықтар қызметінің дерегін негізге ала отырып.

Алғашқы сұхбатында журналистің сұрағына үш сөзбен ғана жауап берген шенеунік ақыры «қазақ тілін үйренетін боламын», деп құтылды. Бірақ күні кеше министр атанған Мадина Әбілқасымова Тамара Дүйсенованың қателігін қайталамайтынын, мәселелердің барлығын шешетінін айтты.

Үкіметте бастан аяқ орыс тілінде сөйлеген Мадина Әбілқасымова журналистердің қазақ тілінде қойған сұрағына жауап бергісі келмей, қазақша сөйлем құрай алмай қиналды.

«Ана тілін қашан үйренесіз?», — деген сауалға мүдірген министрдің орнына оның хатшысы жауап беріп, басшысын жетектеп алып кетті. Хатшысының соңынан ерген министр жақын арада дайындалып, қазақ тілінде сұхбат беретінін айтып сендірді.

Талғар-ақпарат