ТАЛҒАР АУДАНЫНДА 10 ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ ОРНАТЫЛДЫ

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА 10 ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР  ЖОЛЫ ОРНАТЫЛДЫ

Талғар ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында 10 шақты жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Бұл туралы Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, жарық шамдары бар жаяу жүргіншілер жолдары ауылды аймақтарға қойылды. Атап айтқанда, Кеңдала ауылдық округіндегі «Талғар-Бәйтерек» автожолына – 2, Панфилов ауылдық округіндегі Қызыл Ту ауылы Басибекова көшесіне – 1, Белбұлақ ауылдық округіндегі «Талғар-Алматы-Байдібек» би автожолына – 2, Әбдіғұлов және Тороманов қиылысына – 1, Қайнар ауылдық округіндегі Алматы — Жетіген автожолына – 2, Нұра ауылдық округіндегі «Жетіген-Нұра» автожолы бойына 2 жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелі орнатылған.

Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі алдағы уақытта тағы да бірнеше жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелін орнату жоспарда бар дейді.