Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болатын болды

Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болатын болды

“Ұзынағаш пен Талғардың мәселесін Талдықорғанда отырып шешу мүмкін емес. Облыс орталығына жету үшін тұрғындар ұзақ жол жүреді. Сондықтан, осыны ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Енді бұл өңірде екі облыс болатын болады. Олар — Жетісу мен Алматы облыстары”, — деді Президент Парламент отырысында.

Естеріңізге салайық, бүгін сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей эфирде халыққа Жолдау жасады.