ХАЛҚЫМЫЗ — БІРТҰТАС

ХАЛҚЫМЫЗ — БІРТҰТАС

Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Сабыр—адамзатты кемелдік шыңына жетелейтін ең асыл қасиеттің бірі. Баршаларымызға іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, тәртіпсіздікке ермей, ақылмен шешім қабылдау міндетті. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл- уақытша дүрбелең.

Халқымыз — біртұтас. Тәуелсіздіктің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекеттің іргесі мығым. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Ол белгілі бір халықтың, жалпы адам баласының мақ­сат, мұрат мүдделері тоғысынан туын­дайды. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын арттыра отырып, бірлікті ыдыратып, ірітуші күш — күншілдік, іштарлық, араздық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақыр­ған.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы — егемендік еді. Сол егемендігіміздің мәңгілік болуы – бүгінгі таңда сіздер мен біздердің қолымызда. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жасап жатқан іс-шараларының барлығын қолдауға шақырамын.

Еркебұлан ШАҒАНБАЕВ,
Талғар жоғары медициналық колледжінің
Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі