ЫНТЫМАҒЫМЫЗ СЫНАЛАР СӘТТЕ ТҰРМЫЗ

ЫНТЫМАҒЫМЫЗ СЫНАЛАР СӘТТЕ ТҰРМЫЗ

Соңғы оқиғалар әрқайсымызға бірлік пен келісімнің біздің басты құндылықтарымыз, әрі елдегі бейбітшілік пен тыныштықтың негізі екенін көрсетті.
Өз кезегінде мемлекет басшысы жаңа Үкіметке саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы түйіткілді мәселелерді шешуге тапсырма берді. Президент: «Қандай қиындық болса да, бірге еңсереміз, жаңа Қазақстанды бірге құрамыз», — деді. Мемлекеттің тұтасты­ғына қатер төнген сәтте ұйыса білген халыққа алғыс айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың батыл шешімдеріне қолдау білдіру — азаматтық міндетіміз. «Дос күліп, дұшпан табалап тұрған кезде жұдырық­тай жұмылып «Біздің күшіміз бірлікте екенін білдіру әрбір қазақстандықтың парызы деп білеміз.
Осы қиын-қыстау кезеңде бәрімізге жауапкершілік таныту, бүкіл халықтың бірлігі мен тұтастығын сақтау және нәтижеге, еліміздің өркендеуіне жұмыс істеуге жұмыла кіріскеніміз маңызды.
Сонымен қатар сын сағатта ерлікпен қаза тапқан құқық қорғау органдары қызмет­керлерінің, сондай-ақ марқұм болған бейбіт тұрғын­дардың отбасылары мен туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамын. Біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.

Жеңісгүл ҚҰРМАНҒОЖАЕВА,
Талғар политехникалық колледжі
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары