Қадірі артқан қария

Қадірі артқан қария

Бесағаш ауылының тұрғыны Ахметов Бакрат Набиұлы 1931 жылы дүниеге келген. Биыл Бакрат атамыз 90 жасқа толып, тәуелсіздіктің 30 жылдық торқалы тойының куәсі болғанына қуанышты. Елеулі датаны ескерусіз қалдырмаған Бесағаш ауылдық округінің аппараты мерейтой иесін құттықтап, сый-сияпат көрсетіп қайтты.

Бакрат Набиұлының бойындағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады. Ол кісі өз жасына қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп келеді. Қарияның өмірлік бай тәжірибесін жоғары бағалаған әкімдік қызметкерлері ерең еңбегі мен төзімділігіне алғыстарын білдіріп, баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тіледі.

Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты