Тәуелсіздіктің тартуы

Тәуелсіздіктің  тартуы

  Тәуелсіздіктің отыз жылдығы қарсаңында көптеген игілікті істер жүзеге асырылды.

  Осы орайда ауылымыздың ертеңіне көз жіберген,талай тарихи оқиғалар алдыңа келеді.

  Кеңестер одағының дүркіреп тұрған уақытында Бүкілодақтың ақсақалдар алқасы М.В Калинин 1936 жылы осы ауылға келіп,жерді мәңгілік пайдалану туралы акт тапсырған екен.

   Содан бастап ауыл сол ақсақалдың атымен аталып келіп,тәуелсіздік алғаннан кейін өзінің тарихи Тұздыбастау атауына ие болды.

  Бұл да болса тәуелсіздіктің бір жетістігі деуге болады.

  Бір кезде ауылшаруашылығы саласында дүркіреп тұрған ауыл бар тапқанын одаққа беріп келді.

  Ал қазіргі таңда жері шұрайлы, түгін тартса майы шығатын өлкеде ауыл тұрғындары адал еңбектің арқасында жақсы жетістіктерге жетіп келеді.

  Ауылымыздағы орта мектепте бүгінде 2500- ге жуық оқушы үш тілде білім алып отыр.№31 орта мектепті өзінің көшбасшылық,кішіпейілдік  және адам баласы бойындағы бар тамаша қасиеттерімен үлгі бола білетін білімді басшы Мандыбаева Анаргуль Кулимбекқызы басқарып отыр.Қол астындағы қызметкерлермен, мектеп оқушыларына жетістікке жетудің,тиянақтылықтың,тәрбиенің даңғыл жолын салып отыр.

  Қашықтан оқыту кезінде де осынау оқушыларға ұлағатты ұстаздар еселеген еңбектің арқасында тиянақты білім бере білді.

  Биылғы оқу жылы да үш ауысымда оқитын мектебімізде жақсы қарқынмен басталды.Мектеп өзіне тиісті оқу бағдарламасы бойынша білім беру үдерісін жаңашылдықпен бастап кетті.Басты мақсат-өткен оқу жылындағы қашықтан оқытудағы жіберген олқылықтарды толтыру мақсатында қосымша білім беру жағы да қарастырылып отыр.

  «Еліміздің болашағы-білімді жастарда» деген мақсатта еңбек етудеміз.Мектептегі әр ұстаздың білгірлігін арттыру,пән бірлестіктерінің апталықтары өз жұмыстарын жандандыруда.

  Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толу құрметіне мектебімізге аты берілді.Бүгінде бұл игілікті жұмыс іске асыпта үлгерді.

  Қазақ жерінде тұрып өз ұлыларымызды ұлықтау үлкен ұлағатты іс.

  Мектеп өмірінде жаңашыл жұмыстар жалғасын таба бермек.

                                    Тұздыбастау ауылы.

                                      №31орта мектептің География пәнінің ұстазы

                                    Малбекова Гүлнұр Нұрқызы.