Үздіктер анықталды

Үздіктер анықталды

«Жыл үздігі» жастар сыйлығының жылдан жылға маңызы артып қана қоймай, жастардың ұмтылысына жігер беретін шараға айналып барады. Өткен аптадағы аудандық әкімшіліктің үлкен залында өткен бас қосуда 20 аталым бойынша өз саласында үздік атанып, көш бастаған жастарға аудан әкімінің арнайы сыйлығы тапсырылды. Марапат иелерімен кездесуде Талғар ауданы әкімінің орынбасары Қаспақбаев Оразхан Өмірханұлы болды. Мінберге шығып құттықтау сөзін айтқаннан кейін келген әр саланың үздіктеріне аудан әкімінің марапатын табыс етті.

Номинация иелеріне келер болсақ:
«Үздік жас ұстаз» – Бесағаш ауылының №29 мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ажар Қанатқызы.
«Үздік жас әдебиетші» — Кеңдала ауылы тұрғыны ҚазҰПУ-нің студенті Бағжан Бақбергенұлы, «Үздік ерікті»Талғар «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалының консультанты Олжас Батырханов.
«Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы»Бесқайнар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Арайлым Мамбетәлі, «Үздік жас өнерпаз»Талғар ауданының Мәдениет үйінің әншісі, «Қазақстан дауысы», « I am singer Kz», « Topjargan», «X Factor» халықаралалық байқауының бас жүлдегері Дінмұхаммед Даулетов, «Үздік жас спортшы»–Қазақстан чемпионатында 3 орын, Дружба народов халықаралық турнирінде 1 орын, Алматы облысы чемпионатында 1 орын, Аягөз қаласы А.Сұлтановтың дәстүрлі 16 шы жүлдесінде 1 орын иегері Ерасыл Шарипхан, «Үздік жас саясаткер» — «Nur Otan» партиясының Талғар аудандық мәслихат депутаты, «Райяна» бөбек жай балабақшасының директоры Жасулан Айткалиев, «Үздік жас дәрігер» –Талғар орталық аудандық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігері Саддам Аманжолов, «Үздік студент» –«Қазақстан Республикасының Колледждерінің топ 100 студенті» жобасының жеңімпазы, Талғар политехникалық колледжінің 3 курс студенті Кристина Мишинева, «Үздік жас ғалым» –2020 жылы «BUSINESS academy» жас зерттеушілердің республикалық бизнес идеялар байқауының жеңімпазы. «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығының диплом, сертфикат, алғыс хат иегері, Талғар қаласындағы жалпы білім беретін Ж. Жабаев атындағы № 6 орта мектептің 9 сынып оқушысы Қарақат Жанпейіс, «Үздік жас отбасы» –Талғар жоғарғы медицина колледжінің ұстазы Елхан Бексерікұлы, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» – Талғар қаласы әкімінің орынбасары Маден Бақтыбаев, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы» — Республикалық, аудандық, халықаралық диплом және алғыс хаттардың иегері, «Iqanat» олимпиадасының 1 орын жеңімпазы, Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің №33 жалпы білім беретін орта мектебінің 11 сынып оқушысы Алматбек Сақтаған, «Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы» -2018 жылдан бастап «Жасыл ел» еңбек жасақшылар қатарында жұмыс жасаған, Талғар қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің үздік түлегі Бибі Абатайқызы, «Ауылшаруашылығының үздік жас маманы» -«Талғар ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі болып жұмыс атқарған Алдияр Абдрешбаев, «Үздік жас әскери қызметкер» -«Талғар аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция» бөлімінің жедел уәкілі Гульфия Абдурахимова, «Үздік жас батыр» — Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде аға өрт сөндіруші және құтқарушы болып жұмыс істейтін Айшуак Төлегенов, «Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы»- «Ақ жол-М» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталығында жүзуден жаттықтырушы болып жұмыс жасайтын, спорт мастеріне кандидат Мақсат Бағыбаев, «Үздік жас кәсіпкер»- «Meruert-Shaker» студиясының директоры, 3 баланың анасы Меруерт Шакерова, «Үздік жас журналист» — «Талғар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің фото тілшісі Дарын Мақсатұлы марапатқа лайық деп танылды.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ