АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫН ЖАСАҒАНЫ ҮШІН 159 АДАМ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Алматы облысында жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тарапынан 93 қылмыс тіркелген. Оның 67-і сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс.

Департамент басшысы Е.Мақажановтың айтуынша, тіркелген қылмыстардың басым бөлігін парақорлық және жымқыру фактілері құрайды. «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 159 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 22 бірінші басшылар: облыстық маңызы бар – 6, қалалық – 4, аудандық-11, ауылдық-1. 79 адам сотталды, оның ішінде 72 адам 142 млн.теңгеден астам сомаға айыппұлға, 2 адам бас бостандығын шектеуге, 5 адам бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып сотталды. Іс жүргізу аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 3,6 млрд.теңгені құрады, оның 3,5 млрд. теңгесі өтелді», деді Ернар Әбсейітұлы жыл басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша берген ақпаратында. Демек, облыста жемқорлық қылмыстарын жасап, жауапкершілікке тартылған азаматтардың саны өткен жылдан қарағанда көп екені белгілі. Былтыр 144 адам болса, биыл 159 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың құқықтық статистикасын талдау көрсеткендей, есепті кезеңде анықталған әрбір үшінші қылмыс жергілікті атқарушы органдарға және оларға ведомстволық бағынысты мекемелерге  тиесілі. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу саласына – 11 қылмыс, денсаулық сақтауға – 4, білім беруге – 11, жер қатынастарына – 4, ауыл шаруашылығына – 3, сондай-ақ құрылысты жүзеге асыру кезінде – 4 қылмыс жатады. (Яғни, тендер, мемлекеттік сатып алу және т.б.) Қазіргі уақытта 25 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 10 лауазымды тұлға бойынша айыптау үкімдері өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында азаматтық қоғам институттарымен тығыз өзара іс-қимыл маңызды рөл атқарады. Бұл орайда «Жетісу – адалдық алаңы», арнайы мониторингтік топ және ақпараттық-ағартушылық штабы тарапынан жүзеге асырылған жобалар оң нәтиже берген. Сондай-ақ, превентивтік бағытта облыс тұрғындарына кеңестер берілетін «Antikor Live» жобасы аясында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанна Тельпекбаева, Әлия Әбсеметова және Мақпал Тәжмағанбетованың қатысуымен тікелей эфир өткізілді. Бұл жоба қазіргі кезде халықты қызықтыратын өзекті мәселелерді талқылау бойынша тиімді диалог алаңына айналған.

Департамент басшысы Ернар Мақажанов бүгінде Алматы облысында квазимемлекеттік сектордың 200-ден астам ұйымында комплаенс қызметі жұмыс істейтінін айтты. Жыл басынан бері өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге ықпал еткен 5 тұлға көтермеленіп, олардың сыйақы мөлшері 1 миллионға жуық теңгені құраған.

Авторы: Мади Сайдильдин