Үлкен серпін бар

Үлкен серпін бар

Мемлекет басшысы
Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» деп аталған биылғы Жолдауы ел мүддесіне қарай бағытталғанын білеміз. Соның ішінде . «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жұмыстары туралы батыл айтылды. Аталмыш бағдарламаның орындалуында біздің өңірде үлкен серпін бар.  Жалпы бұл бағдарлама 2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827-қаулысымен бекітілген болатын.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану арқылы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан экономикасын болашақтың цифрлық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау. Аталған бағдарлама 2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылады және елдің флагмандық салаларын техноло­гиялық жаңғыртуға қо­сым­ша серпін беріп, еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне мүмкіндік жасай­тын болады. Қазірдің өзінде бұл бағдарлама елімізде үлкен жетістіктер мен жаңалықтарға жол ашуда. Оның айқын дәлелін өзіміздің аудан өміріне еніп үлгергенінен де аңғаруға болады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан әкімдігіне қарасты барлық мекемелердің қызметкерлері электронды цифрлы қолтаңбамен қамтамасыз етілген. Аудан әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда, ауыл әкімі аппараттарында және қарасты мекемелерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылып, тұрақты жұмыс жасауда.

Айжан Салитова,
ХҚКО маманы