Ізгіліктің көрінісін үлгі етті

Ізгіліктің көрінісін үлгі етті

Бүгінде игі істерді, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты мақсат еткен Талғар аудандық мешітінің ісі кім-кімге болса үлгі боларлықтай. Мұны бір науқандық іс деп қарамай, керісінше ізгіліктің, адамгершіліктің көрінісі саналатын – қайырымдылыққа негізділген қайырлы істер күннен күнге артып келеді.

Жуырда ғана аудандық «Абу Бакр ас Сыддық» мешіті сондай іс-шараның өтуіне мұрындық болды. Мұқтаж болған 50 отбасыға тұрмыстық қажеттіліктер мен азық-түліктер таратылды. Мұндай ізгі амалға риза болған тұрғындар мешіт жамағатына алғыстарын жаудырды. Материалдық немесе моральдық тұрғыда болсын, бастысы шын ниетпен жасалынған әрбір қайырлы амалмен айналысып жүрген жандардың сауапты істегі қажыр-қайраты мұқалмасын дейміз.

Меруерт Бөлек,
«Талғар»