Жастарды жігерлендірді

Жастарды жігерлендірді

Талғар ауданының «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жастарды жігерлендіретін іс-шара өтті.

Еліміздің мақтаныштары, грек-рим күресінің хас шеберлері, айбыны Алатаудай, қадірі Қаратаудай спортшыларымыз Алмат Кебиспаев, Асхат Ділмұхамедов және Жақанша Қорланның қатысуымен шеберлік сабағы өтті. Чемпиондарымыз уақыттарының тығыздығына қарамастан мектебімізге ат басын бұрып, оқушыларымызбен спорттағы тәжірибелерімен бөлісіп, сұхбаттасып, болашақ ел мақтаныштарын жігерлендіріп, бағыт-бағдар берді. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» демекші, біздің жас буын, ертең нардай ағалары сияқты абыройлы азамат болатынына сенеміз! «Жақсыменен өткізген жарты сағат — жаманның өтіп кеткен өміріндей» демекші, аз уақыт ішінде балаларымыздың дүниетанымын кеңейтіп, оларға күш пен сенім сыйлағаны үшін чемпиондарымызға үлкен алғысымызды білдіре отырып, әрдайым жолдары ашық болып, көп тудың ішінен көк туымызды желбірете берсін деген ізгі ниетімізді білдіреміз!
Шеберлік сабағына атсалысқан Талғар ауданының № 2 спорт мектебінің ұжымына және жаттықтырушыларға көп рахмет! Мектебіміздің абыройы артып, чемпиондарымыз көбейе берсін!

Айгүл Оралбекқызы,
аудандық №2 балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебінің директоры