Сіз бен біздің ортақ парызымыз

Сіз бен біздің ортақ парызымыз

Біздің қазақ елінің егемендігіне биыл 30 жыл толып отыр. Тәңірдің берген сыйы ең қастерлі, маңдайымыздағы бағымыз – Тәуелсіздік. Осы уақыт ішінде еліміздің іргесі бекіп, еңсесі көтеріліп, қарқындап дамуда. Қиындықтарды жеңіп, берекелі еңбек етуіміз үшін Президентіміз Қ.Тоқаев қазақстандықтарға өзінің кезекті Жолдауын арнады. Жолдаудың басты бағыты – Отаншылдық, еңбекқорлық, білімге деген құштарлық, адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру болып отыр.

Әрдайым көш бастаған ел ағаларына жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруді, адасқанға жөн сілтеп, тентегін тыйып, тектісін төрге оздыруды аманаттады. Ана мен балаға деген қамқорлықты да шет қалдырмады. Жолдаудың әр бөлімін оқи отырып, қай-қайсысына болмасын парасаттылықпен қарауды ойладым. Менің ойымша Жолдауда ерекше назар аудартқаны – ел азаматтарының тыныс-тіршілігіне, әл-ауқатымыздың артуына бағытталғаны.

Жолдау жүктеген міндеттердің ішінде жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі қамтылған. Бұл еліміздің болашағы деп танитын жастарымыз үшін тәрбиенің маңызды бөлшегі деп білемін. Біздің бөлім тарапынан жастардың бойында патриотизм рухы мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру мәселелеріне арналған іс-шаралар, кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрады.

Жолдаудағы ең маңыздысы – әлеуметтік мәселелерге көңіл аударылуында. Президентіміз жолдаған осы маңызды құжатты бәріміз бір кісінің баласындай қолдаймыз. Елімізде бейбіт өмір, қоғамда тұрақтылық пен тыныштық болсын! Президент айтқан жаңа мақсат-міндеттерді орындау –деп білемін!

Салтанат Алымқызы,
аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім
бастығының әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі көмекшісі