Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы

Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы

2021 жылдың 11 қарашасында Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, 12 мәселе қаралды, оның ішінде 11 тәртіптік істер, қорытындысы бойынша Панфилов ауданы Шолақай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманына және Панфилов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағандары үшін тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Сонымен қатар, Панфилов, Сарқан, Ұйғыр аудандары әкімдіктерінің, Райымбек, Панфилов аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Алматы облысы бойынша экология департаментінің лауазымды тұлғаларына мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзғандары үшін тиісті тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың профилактикалық сұрақтары тыңдалды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті