Алматы облысында Комирнати (Pfizer) вакцинасын қайдан алуға болады?

Алматы облысында Комирнати (Pfizer) вакцинасын қайдан алуға болады?

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментіКомирнатимен вакцинациялау пункттері (Pfizer) туралыақпарат ұсынып отыр.

Алматы облысының Талдықорған қаласында ағымдағыжылдың 11 қарашасында жасөспірімдерге арналғанКоронавирустық инфекцияға қарсы Комирнативакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Арнайыжабдықталған көлікпен Облыстық қан орталығындаорналасқан қоймаға 46 800 доза вакцина қойылды.

Денсаулық сақтау басқармасы келіп түскен вакцинаныағымдағы жылдың 15 қарашасынан бастап облыстыңқалалары мен аудандарына жедел түрде жіберетін болады.

Тиісті контингент егілетін адамның не оның заңдыөкілдерінің ерікті түрде хабардар етілген келісімінен кейінқаланың медициналық ұйымдарында және білім беру мекемелерінде егілетін болады.

      Жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды жәнежасөспірімдерді вакцинациялауға бастапқы медициналық-санитариялық көмектің аумақтық медициналық ұйымдары(емханалар) қатысатын болады.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасыныңмәліметінше, Комирнати вакцинасын алуға болатынмедициналық ұйымдардың тізімі ұсынылды:

* № 1, № 2 Талдықорған қалалық емханалары.

* Жеке медициналық орталықтар: ХАК, Нур-Авиценум.

* 17 аудандық орталық аурухана.

* Қапшағай және Текелі қалаларының ауруханалары.

* Аудандық ауруханалар Қарғалы а., Шелек а., Боралдай а.

Алынған дозалар тек 16-дан 37 аптаға дейінгі жүктіәйелдерді, босанғаннан кейінгі 42 күннен бастап емізетінаналарды, сондай-ақ 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялауға арналған.

Бүгінгі күні Алматы облысында Phizer Комернатимен 225 810 адам вакцинациялауға жатады, оның ішінде 12-17 жастағы балалар-147 000, жүкті әйелдер — 34 510 (жүктілікмерзімі 16-37 апта), лактация кезеңіндегі әйелдер (бала туған сәттен бастап 42 күннен кейін) — 44 300.