Жауапкершілігіміз артты

Жауапкершілігіміз артты

Қазақстан халқы жыл сайын асыға күтетін Президент Жолдауының басты ерекшелігі ол елдің игілігіне бағытталатындығы және басты құжатта ел өміріне қатысты салмақты дүниелер мен әлеуметтік салаға қатысты маңызды жаңалықтар жария етілетіндігі. Мемлекет басшысының әрбір Жолдауы – қазақстандықтардың жақсы тұрмысын ғана емес, сондай-ақ, алаңсыз болашағы туралы да айтылатын құнды құжат екенін жақсы білеміз.

Биылғы Жолдау да мазмұны жағынан ерекше және уақыт елегінен өткен, іс жүзіне асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың қисынды жалғасына айналды.   Жолдау еліміздің басты байлығы – адами дамуға арналып, онда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды салалары қозғалды. Атап айтар болсақ, Мемлекет басшысы Жолдауында келер жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері өсетіндігін айтып, қарапайым жұртшылықты бір серпілтіп тастады.
Сонымен қатар, педагогтарды қолдау саясатының жалғасатынын­дығын естіген ұстаздар қауымы да қуанды. Яғни, келер жылда мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсіп, бұл үшін мемлекет тарапынан алдағы 3 жылда 1,2 триллион қаржы бөлінетіндігі айтылды. Қазіргі таңда мұғалімнің мәртебесіне рухани жағынан да, Заң жүзінде де ерекше көңіл бөлінуде. Ол біздің балалардың білім сапасын көтеруге деген жауапкершілігімізді арттырмаса, төмендетпесі анық деп білемін.

Гүлшат Қойлыбаева,
Ж.Жабаев атындағы №6 орта мектеп мұғалімі