Олжас Сүлейменов – ХХІ ғасыр адамы

Олжас Сүлейменов –  ХХІ ғасыр адамы

Талғар ауданы, Бірлік ауылы Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі басқару» ұйымының оқушылары арасында орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, түрколог, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовке арнап мектеп кітапханасында ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты дөңгелек үстел өтті.

Ондағы мақсаты: оқушыларға ұлы тұлғаның өмірі мен еңбек жолын терең таныту, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.Кітапхана меңгерушісі Бимағамбетова Айгүл жазушыға арналған кітап көрмесімен таныстырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақыт Сыдықова Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, талдаулар жүргізіп, рухани пікірталас өткізді. Кейінгі буын жастарға үлгі-өнеге боларлықтай зерделі әңгімелер айтып, ақын шығармашылығын асқақтатты.

9 «в» сынып оқушысы Әйым Әскербек өзінің дайындаған баяндамасын оқыса, 10 «а «сынып оқушысы Есдәулет Айгерім өзінің ақынға арнауын оқып берді. Оқушыларымыз белсенділікпен ақын-жазушы туралы өз ойларымен бөлісті. Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының мамандары Сермаханова Мария мен Оразкелді Аида кеш соңында жылы лебіздерін білдірді.

Айдана Мұратқызы,
Белбұлақ ауылдық округінің жастар ісі
жөніндегі әдіскер нұсқаушысы