Бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды

Бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды

Талғар ауданының прокуратурасы «Талғар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де (бұдан әрі-Бөлім) 2017-2020 жылдарға бюджет қаражатының жұмсалуына талдау жүргізді.

Жүргізілген өзара салыстыру барысында 2017-2020 жылдардағы спорттық іс-шаралар бойынша ауданның құрама командасы іс жүзінде қатыспағаны анықталды, бұл әртүрлі жеке кісіпкерлермен жасалған жалған шарттармен, аванстық есептермен, ведомостармен, бағыт парақтарымен және құрама команда мүшелерінің түсініктемелерімен расталады.
Осылайша жоғарыда аталған мерзім аралығында спорттық іс-шараларға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың лауазымды тұлғамен жымқырылғанын көрсетті.
Аталған дерек Талғар ауданы прокуратурасының СДТБТ-не №211962011000001 ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 369-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс айыптау қорытындысымен сотқа жіберілді.

Р. Чотбаев,
аудан прокуратурасының
прокуроры