Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Қайырымдылық керуені» ІV республикалық байқауының басталғанын жариялайды

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Қайырымдылық керуені» ІV республикалық байқауының басталғанын жариялайды

Төртінші рет өткізіліп отырған «Қайырымдылық керуені» байқауы игі іс жасайтын, қол ұшын созатын жандарды анықтауға, халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және мейірімділік, гуманизм сияқтыадамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Байқау жыл сайын Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан батыл, қамқор жандарды, меценаттар мен нағыз патриоттарды анықтайды.

Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, «Хабар» агенттігі, «КТК» телеарнасыжүзеге асырады.

Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлестерін қосатын және өзгелерді өздерінің игі ісімен ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Байқауға кәсіпкерлік субъектілері, қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) байланысты адамдар қатыса алмайды.

Лауреаттар мына номинациялар бойынша анықталады:

«Асар» номинациясы халықтық салт-дәстүрді сақтауға бағытталған қайырымдылық қызметті атқаратынжандарға табысталады;

 «Туған жер» номинациясы білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т.б. салаларда туған өлкесіне қайырымдылық көрсеткен лауреатқа табысталады;

     «Батыл жүрек» номинациясы ерлік пен қайсарлықтанытқан адамдарға беріледі. Бұл номинация шеңберінде шұғыл қызмет (ТЖ, ІІМ, Жедел жәрдем және т. б.) қызметкерлерінің арасында ең үздіктерге қосымша жеңімпаз атағы берілуі мүмкін;

     «Мейірім жолында» номинациясы белгілі бір уақыт аралығында тұрақты түрде өтеусіз көмек көрсеткен жандарға беріледі;

     «Қайырымдылық тарихы» номинациясықайырымдылық, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін журналистке немесе шығармашылық ұжымға беріледі;

    «Бала жүрегі» номинациясы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен батырлығы және қайырымдылық іске қатысқаны үшін 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге беріледі.

     «Жануарға мейірім» номинациясы жануарлардықорғайтын, оларды асырауға көмектесетін, сонымен бірге, жануарлар әлеміне қатысты мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттайтын лауреатқа беріледі.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.

Байқауға қатысу туралы толық ақпаратты www.fnn.kz, www.businesswomen.kz сайттарынан табуға болады.Анықтама телефондары: 8 7789377773; 8 705 777 87 78; 87780079777 email: karavan.dobratyAO21@gmail.ru