9- қазан Халықаралық мүгедектер күні

9- қазан Халықаралық мүгедектер күні

Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап мүгедектер күні атап өтіледі. Елімізде Елбасының «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Жарлығына сәйкес, қазан айының екінші жексенбісі – мүмкіндігі шектеулі азаматтар күні болып бекітілген болатын. Айтулы мереке еліміздің әр аймағында дәстүрлі түрде аталынып өтіп, мүгедектігі бар жандарға айырықша құрмет көрсетіліп келеді. Мақсаты — мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару. «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» демекші, мүмкіндігін тағдыр тарылтқан жандардың көңілін аулау — кімнің болса да кісілік парызы. Осы орайда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің рөлі ерекше. Олар жан жылуын сыйлап, шамаларынша кез келген жәрдемін жасайды. Сондықтан, көмекке мұқтаж жандар мен әлеуметтік сала өкілдерінің өзара байланысы да бекем, мерекелері де мазмұндас.

Талғар – ақпарат